Өрт сөндіруге кетіп, әлі оралмаған адам іздестіріліп жатыр

Өрт сөндіруге кетіп, әлі оралмаған адам іздестіріліп жатыр
Сурет: Astanatv.kz

9-маусымнан бері хабарсыз кеткен ер адам іздестірілуде.

Ол Абай облысындағы орман өртін сөндіруге кетіп, із-түзсіз жоғалған. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Astanatv.kz сайтының ақпараты бойынша, Сергей Архипов есімді азамат облыс аумағындағы өртті сөндіруге көмектесу үшін тракторымен шыққан.  Тұрғынды іздеу іс-шараларына ведомствоның жеке құрамы жұмылдырылды. Сонымен қатар оның тракторын табу үшін әуеден де шолу жүргізіліп жатыр.