Нью-Йоркте жер сілкінісі сезілді

Нью-Йоркте жер сілкінісі сезілді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жұма күні таңертең АҚШ-тың шығыс жағалауында болған 4,8 балдық жер сілкінісінің дүмпулері Нью-Йорк пен жақын маңдағы аймақтарға сезілді.

Жерасты дүмпулерінің ошағы Нью-Джерси штатындағы Ливан қаласына жақын маңда, Нью-Йорктен батысқа қарай 64 шақырымдай жерде болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Нью-Йорк пен оның маңындағы аудандарға келтірілген шығын көлемі нақтыланбады, қазір қаланың өрт сөндіру қызметі оның салдарын бағалап жатыр. 

Американың шығыс жағалауында жер сілкінісі сирек кездеседі және бұл Нью-Йорк қаласында соңғы онжылдықтардағы ең күшті жер сілкінісі болды.

Әлеуметтік желі қолданушылары жер сілкінісі Филадельфиядан Нью-Йоркке дейін және шығыс жағалауда Бостонға дейін сезілгенін хабарлады.

Өткен жылы Буффалода (Нью-Йорк) магнитудасы 3,8 балдық жер сілкінісі болды, бірақ бұл аймақта 40 жыл бойы мұндай күшті жер сілкінісі болмаған.

1983 жылы Нью-Йорк штатының оңтүстігіндегі Ньюкомбта 5,1 балдық жер сілкінісі болды.

Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс бүгінгі жер сілкінісінің ауыр зардаптары туралы мәлімет жоқ екенін айтты.

Жер сілкінісі салдарынан Нью-Йорктің бірнеше әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты.