Нұрқанат каратэден Қазақстанға алтын медаль сыйлады

Нұрқанат каратэден Қазақстанға алтын медаль сыйлады
kazsports.kz

Нұрқанат Әжіқанов – Азия ойындарының жеңімпазы

Нұрқанат Әжіқанов Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында WKF каратэден Қазақстанға алтын медаль сыйлады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол финалда биылғы сары құрлық чемпионы, Иордания спортшысы Хасан Масарвехті айқын басымдықпен жеңіп, Қазақстан еншісіне осы ойындардағы 8-алтын жүлдені салды. Есеп: 8-0.

Бағана қазақ каратэшісі жартылай финалда Малайзия өкілі Рагоназан Шармендрадан, ширек финалда қырғыз спортшысы Назым Нұрлановтан, алғашқы айналымда Мұхаммед Шекху Аламнан (Непал) айласын асырған.

Нұрқанат 2021 жылы Токио Олимпиадасында ел намысын қорғаған, әлем чемпионатында 2 мәрте қола жүлде жеңіп алған, 3 дүркін Азия чемпионы.