Мәскеуде пандемия қайта күшейді

Мәскеуде пандемия қайта күшейді
Сурет: Trend.az

Ресейде қарашаның 7-не дейін демалыс

Мәскеуде эпидемияның қайта күшеюіне байланысты дүкендер мен кәсіпорындар жабылып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ал сенбі күні Ресей аумағында коронавирус 40200-ден астам адамнан анықталды. Бұл – пандемияның басынан бергі ең жоғары тәуліктік көрсеткіш.

Кейінгі кездері елде осы инфекциядан күніне шамамен 1160 адам қайтыс болып жатыр. Сондықтан қауіпті вирустың тарауын шектеу мақсатында Ресейде қарашаның 7-не дейін демалыс жарияланып отыр.