Мұрат Мұтұрғанов алматылықтарды жауапты науқанға белсенді түрде қатысуға шақырады 

Мұрат Мұтұрғанов алматылықтарды жауапты науқанға белсенді түрде қатысуға шақырады 
almaty-akshamy.kz

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен медиа тұлғалар «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқанына белсенді қатысуға шақырды

Артист ұлымен бірге «Алматы–біздің ортақ үйіміз» науқанының басталуына қатысты, бұл туралы Мұрат Мутурганов Instagram парақшасында хабарлады. https://www.instagram.com/reel/C5gCJzhIJ-F/?igsh=YWRuNG80MDZkY3Nr 

«Құрметті достар! Бір ай бойы өзіміздің сүйікті Алматы қаласын ең таза және әдемі етіп таза ұстауға тиіспіз. Біз цирк әулетінің өкілдері ретінде тазалықты цирктен бастадық. Егер сіз қаланы өзгерткіңіз келсе, үйіңізден, кіреберісіңізден бастаңыз, содан кейін біздің қала ең әдемі болады. Біз таза қала үшін!»,- деп жазды Мұрат Мұртұрғанов.

Ол өз үлгісі арқылы өзгелердің туған қаласына деген сүйіспеншіліктерінің оянатынына сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен тазалығына өз үлесін қоса алады. 

Барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлерге, постерлерге, афишаларға арнайы QR-код бойынша кіруге болады.