Мұнай өндірісіндегі іркіліс

Мұнай өндірісіндегі іркіліс
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстанда мұнай өндірісі қысқарып отыр — ағымдағы жылдың қаңтар айында шикі мұнай өндіру 6,7 млн тоннаны құраған — бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 3,2%-ға аз, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Ақшалай санағанда мұнай өндіру көлемі 1,3 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың қаңтарына қарағанда 9,7%-ға аз. Өндірістің ең үлкен көлемі Атырау облысында тіркелген: 4,6 млн тонна, минус 2,4%. Одан кейін Маңғыстау (1,4 млн тонна, минус 1,4%) және Ақтөбе (360,6 мың тонна) облыстары.