Мұнай бағасы 90 доллардан асты

Мұнай бағасы 90 доллардан асты
Сурет: Russian.rt.com

2014 жылдан бері алғаш рет 90 доллардан асып отыр.

Эталон үлгідегі мұнай бағасы өсіп келеді, бір күн бұрын көтеріле бастаған баға жұма күні жалғасын тапты. Нәтижесінде WTI баға белгілеулері 2014 жылдың қазан айынан бері алғаш рет барреліне 90 АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru cілтеме жасап.

Лондонның ICE Futures биржасында жұма күні мәскеу уақытымен 8:12-дегі Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны барреліне $91,56 құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан $0,45 (0,49%) жоғары. Бейсенбі күнгі сауданың нәтижесінде бұл келісімшарттар бір баррель үшін $1,64 (1,8%) өсіп, $91,11 құрады.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электронды саудасында наурыз айындағы WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы осы уақытқа дейін барреліне $90,92 құрайды, бұл бейсенбі күнгі сессияның қорытынды құнынан $0,65 (0,72%) жоғары. Бір күн бұрын бұл келісімшарттардың құны барреліне $2,01 (2,3%) өсіп, $90,72 құрады.

Мұнай нарығына сұраныстың белсенді түрде қалыптаса бастауы аясында ұсыныстың аздығы әсер етіп отыр. Шығыс Еуропа мен Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс ұсыныстың көп болмауына септігін тигізіп отыр. Сонымен қатар ОПЕК+ елдерінің көпшілігінің осы уақытқа дейін өндірісті келісілген деңгейге дейін көтере алмай отырғандығы әсер етіп отыр. 

Сонымен қатар, АҚШ-та жауған қалың қар да мұнай бағасына қолайлы болып отыр, себебі АҚШ-та үйлер мен кәсіпорындарды жылыту үшін жанармайға деген сұранысы артып отыр. 

«АҚШ-тың энергетикалық компаниялары сұранысты қанағаттандыру үшін өндірісті ұлғайта алмайды деген алаңдаушылық бар», - деді Price Futures Group компаниясының  сарапшысы Фил Флинн.