Мейрам күндеріне арналған ауа райы болжамы

Мейрам күндеріне арналған ауа райы болжамы
Сурет: Telegraf.com.ua

Демалыс күндері күн жылы болады.

 «Қазгидромет» мамандары 7-9 мамыр күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Мамыр мерекелері жылумен және табиғатқа саяхаттармен танымал. Бірақ бұндай ауа райының рахатын тек оңтүстік аймақтардың тұрғындары ғана көре алады. 

«Иран аудандарынан келетін жылы циклон, елдің оңтүстік жартысына ауыса бастайды, күн сайын ауа температурасы жоғарылайды. Бірақ солтүстік облыстар суық антициклонның ықпалында болады. Өте жоғары жылдамдықпен ол ауа температурасының қысқа мерзімге, бірақ айтарлықтай төмендеуіне әкеледі – түнде термометрлер қайтадан нөлден төмен түседі», - делінген синоптиктердің хабарламасында.