Меккеге барғысы келгендер алданып қалды

Меккеге барғысы келгендер алданып қалды
Сурет: интернеттен

Ол өзінің қызметі үшін адам басына 423 мың теңге алып отырған.

"Кіші қажылыққа апарамын" деген алматылық азамат тұрғындарды 12 млн теңгеге сан соқтырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

27 жастағы Алматы қаласының азаматы Меккеге қажылыққа бару үшін 30 адам жинауды жоспарлаған.

Меккеге барғысы келген 13 жәбірленушіге 12 миллион тенгеге жуық шығын келтірген. Сот шешімімен аталған азаматты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы (Алаяқтық) бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырды.

"Сотталған Абай облысы бойынша Семей қаласында қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеуде. Мекемеге келген күннен бастап жеке кәсіпкердің цехында қолөнер жұмыстарымен айналысады. Тапқан табысынан сот үкімі бойынша белгіленген талап-арызы бойынша белгіленген өтемақысын төлейді. Өзін күтіп отырған анасына қаржылай көмектеседі", – дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Нурболат Сапаргалиев.