МАҚСАТТЫ ІС МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ, ЖАҚСЫ АТҚА ҚАЛДЫРАДЫ

МАҚСАТТЫ ІС МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ,  ЖАҚСЫ АТҚА ҚАЛДЫРАДЫ
almaty-akshamy.kz

Бүгінгідей уақыттың қиындығы орын алып отырғанына қарамастан, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына  Жолдауын жасады.

Ел иесінің әр сөзіне ерекше мән беретін халқымыз жыл сайын өмірімізде, өңірімізде қандай жаңалық, нендей өзгеріс болады деп елеңдеп отыратыны рас. Жасыратыны жоқ, мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлері алдымен өз жағдайларына көңіл бөлінгенін қалайды.

««2022 жылдан бастап музей қызметкерлері мен кітапханашылардың  жалақысы өседі», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Дұрыс. Мәдениетті, рухани сусын болатын жақсы дүниелерді ұмыт қалдырмаған жөн. Киноның, театрдың ардагерлерін дәріптеп отыру ләзім. Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін күнделікті өмірлік ұстанымымыз да өзгеріс болуы керек.Қазақ қоғамында ұлттық жаңа қағидаттар, жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс. Өнер адамының өмірі мен кілең тартыс пен қиналыстан тұратын тағдыры,  тәжірибесі кейінгіге үлгі болғаны ізгі. Ол үшін өнер абыздарының күнделіктерін, олар жайында жазылған деректі кітаптарды көптеп шығарған дұрыс.

Жолдауда осы мәселелердің бәрі кеңінен сөз болды. Енді оларды тиісті  жауапты министрліктер мен ведомстволар жүзеге асырсын. Келер жылдан бастап бюджет саласы қызметкерлері жалақысының 20 пайызға өсетіні туралы жағымды жаңалық та жоқ емес. Сол мол қаржы тиісті, көзделген мақсатқа пайдаланылса, құба-құп болар еді.