Лудоман прокурор 740 мың долларды бәске тіккен

Лудоман прокурор 740 мың долларды бәске тіккен
Сурет: интернеттен

Бұл ақша кеңсенің сейфінде тұрған.

Қырғызстанда Бас прокуратураның қызметкері қылмыстық істің заттай айғағы ретінде алынған 740 мың долларды бәске тігіп айырылып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Бас прокуратураның тергеу басқармасының бастығы Рустам Абдурасулов ​​букмекерлік кеңседе бәске тіккен ақша «Керемет банк» ісі бойынша заттай айғақ. Қылмыстық істі Әскери прокуратура тергеп жатыр.

«Бас прокуратураның тексеруінен кейін банк ісі Әскери прокуратураға берілді. Абдурасулов ​​ақшаны жаңа тергеушіге беруі немесе банкте сақтауы керек еді», - делінген сайт таратқан ақпаратта.

Рустам Абдурасулов ​​аса ірі көлемдегі ақшаны жымқырды деген күдікпен кеше ұсталған болатын.