Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады

Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады
Gov.kz

2023 жылғы 11 желтоқсанда 112 құтқару қызметіне «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының 197 км жүк автокөлігі бұзылып, тұрып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Нәтижесінде, құтқарушылар оқиға орнына барып, 2 жолаушыны Шұбарқұдық жылыту пунктіне жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.

Одан кейін сағат 19:38-де Әйтеке би ауданының Ұлғайсын ауылы ауданында жеңіл автокөлік бұзылып, тұрып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Нәтижесінде құтқарушылар 1979 және 2001 жылы туған Қырғызстан азаматтарын құтқарып, «Арафат» кемпингіне жеткізді.

Сонымен қатар Байғанин ауданының құтқарушылары Ақтөбе-Астрахань тас жолының 275 км тұрып қалған екі адамға көмекке келді.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

Қолайсыз ауа-райында және тәуліктің қараңғы уақытында жетуі қиын жерге бармаңыздар.

Қала сыртына баратын болсаңыз, жолдардың жай-күйі туралы «Дармен» мобильді қосымшасынан білуге болады.

Автомобильмен жолға шыққанда алғашқы көмек жинағын, тросты, зарядталған телефонды әрқашан алып жүріңіздер, жақын адамдарыңызға өздеріңіздің орналасқан жеріңіз және жоспарланған қайту уақыты туралы хабарлаңыздар.

Төтенше жағдай болған жағдайда 101 немесе 112 байланыс нөмірлеріне хабарлаңыздар.