Құс еті 30 пайызға қымбаттауы мүмкін

Құс еті 30 пайызға қымбаттауы мүмкін
pervie.ru

Алдағы уақытта елімізде тауық еті мен жұмыртқа қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Қазір Ресей бидай экспортына тамыздың соңына дейін шектеу қойды. Ал бұл құс азығының тапшылығына әкеледі деп қауіптенеді мамандар.

Отандық құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріповтің сөзінше, құс етінің бағасы алдағы уақытта 20-30%-ке көтеріледі.

"Доллар бағамының күн санап өсуі де қымбатшылыққа ұрындырды. Соның кесірінен жұмыртқа бағасына 10 пайыз үстеме қосылуы мүмкін", - дейді.