Құрбан Бердыев «Қайратпен» келісімшартын тоқтатты

Құрбан Бердыев «Қайратпен» келісімшартын тоқтатты
Cурет: 24.kz

«Қайрат» футбол клубы және команданың бас бапкері Құрбан Бердыев келісімшарт мерзімін уақытынан бұрын аяқтау туралы келісімге келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрбан Бекиұлымен бірге көмекшілері Иван Данильянц, Дмитрий Кириченко, Андрей Мацюра және Эдуард Кундухов клуб сапынан кетеді. Бердыев ойыншы ретінде де алматылық клубтың намысын қорғаған. Жартылай қорғаушы позициясында алматылық клуб жейдесінде 160 ойын өткізген. 90-жылдардың басында Құрбан Бекиұлы ассистент және бас бапкер ретінде «Қайратты» баптады, 1992 жылы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанды. 2021 жылы Бердыев алматылық клубқа қайта оралды, алғашында бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметінде болды, кейін негізгі команданың бас бапкері атанды. «Сары-қаралар» Бердыевтің баптауымен алғаш рет еурокубоктың топтық кезеңінде өнер көрсетті, сонымен қатар Қазақстан кубогын жеңіп алды.