ҚР Президенті Қазан қаласына келді

ҚР Президенті Қазан қаласына келді
inform.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына келді, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.

«Мемлекет басшысы Қазан қаласына келді. Татарстан астанасының халықаралық әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алды.

Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлінің көрікті жерлерін аралап көреді және Татарстан Президентімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар республиканың өзге қалаларында орналасқан «КамАЗ» және «Танеко» сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады», - деп жазды ол.