Коронавирус пневмониясынан елде 4 адам айықпады

Коронавирус пневмониясынан елде  4 адам айықпады
Сурет: Inform.kz

 2021 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

 
20.10.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 151 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 240 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Coronavirus.kz-ке сілтеме жасап.

 2020 жылғы13 наурыздан бері барлығы 78460 адам ауырды, 4992 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 67214-ке жетті.