«Қорғас» жабылды

«Қорғас»  жабылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

9 ақпаннан бастап жұмыс істемейді.

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) Қытайдағы Жаңа жылды тойлау кезінде уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Қытай Халық Республикасында Чуньцзе – Қытай Жаңа жылының жыл сайынғы мерекесін атап өтуге байланысты, "ҚОРҒАС" ШЫХО 2024 ЖЫЛҒЫ 9-11 ақпан АРАЛЫҒЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІНІН ХАБАРЛАЙМЫЗ", - делінген Жетісу облысы әкімдігінің хабарламасында.

12 ақпан "Қорғас" ШЫХО штаттық режимде жұмысын қайта бастайды. Сонымен қатар қытай сауда орталықтарының жұмыс кестесін хабарлаймыз:

"Джунке" сауда үйі 6-нан және 17-ші ақпанға дейін жабық;

"Золотой порт" сауда үйі 6-нан және 17-ші ақпанға дейін жабық;

"Кинг-Конг" сауда үйі 9-нан 12-ші ақпанға дейін жабық;

"Ю" сауда үйі 9-нан 12-ші ақпанға дейін жабық.

"Қорғас" ШЫХО-на келуді жоспарлау кезінде жоғарыда аталған сауда орталықтарының жұмыс кестесін ескеруді сұраймыз.

Қосымша сұрақтар болған жағдайда 8 771 316 4349 нөміріне қоңырау шалуыңызға болады.