Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

Қор нарығында доллар бағамы төмендеді
Сурет: Apa.az

Бір доллар 429,41 теңге болды.

Доллар бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,37 теңгеге төмендеп, 429,41 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 7 маусымдағы ресми бағамы 431,88 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы - 430,70 теңге, ал сатылымда - 434,18 теңге. Ал Нұр-Сұлтанның айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 420,79 теңгеден сатып алып, 432,02 теңгеден сатып жатыр.