Қор нарығында доллар бағамы тағы өсті

Қор нарығында доллар бағамы тағы өсті
Сурет: Kapital.kz

АҚШ доллары 3,56 теңгеге қымбаттады. 

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,56 теңгеге қымбаттады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 447, 31 теңге. Ұлттық банктің 21 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 443,26 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 448 теңге, сатып алу – 452,10 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 445,80 теңгеден болса, сатып алу құны – 447 теңге.