Назарбаев кітапханасының орынбасары қамауға алынды

Назарбаев кітапханасының орынбасары қамауға алынды Сурет: Baq.kz

Бірқатар ақпарат құралдары экс-президент Назарбаевтың командасына кіретін, Тұңғыш Президент кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергеновтің ұсталғаны туралы жазды. 


Назарбаев кітапханасының орынбасары өткен жылғы желтоқсан айының ортасында қамауға алынған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап. 


Шаймергеновтің ұсталғанын порталға Астанадағы сенімді дереккөз хабарлаған.



«Дереккөздің мәлім еткеніндей, кітапхана қызметкерін арнайы қызмет өкілдері елордада құрықтаған. Онымен бірге әйелі де қамауға алынған. Шаймергеновтің жұбайы сырт елдердің бірін зерттеумен айналысатын институтқа басшылық еткен», – деп жазады ҚазТаг.



Ресми органдар мен кітапхана тарапынан бұған қатысты қандай да бір түсініктеме берілмеді.


Шаймергенов бұған дейін Назарбаев басшылық еткен Қауіпсіздік кеңесінде істеген, Аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарған. Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық ақпарат комитетіне жетекшілік еткен.


Соңғы жылдары Назарбаев кітапханасының басшылық құрамында болды. Орта Азия мен Қытайды жетік білетін маман деп саналады. 


Ақпарат өкілдері оқиғаның анық-қанығын білу мақсатында кітапханаға хабарласқанмен, ондағылар жауап беруден бас тартқан.



«Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік көшбасшы-реформаторлармен бір қатарда тұр», – деген болатын билік басылымдарына сұхбат берген Шаймерденов.



Оның пайымдауынша, Қазақстанды қарыштап даму жолына салған “Назарбаев моделінен” бас тартпау қажет. Тұңғыш Президент шетелдік, еуропалық немесе америкалық даму моделін көшіре салмаған.


Әлемдік тәжірибедегі әмбебап қағидаттарды іріктей отырып, ол жолдарды ұлттық контекстке шебер енгізе білген. Жаңғыртудың сәттілігі Тұңғыш Президенттің мемлекеттік басқарудағы моделіне тікелей байланысты…


Солай деген Шаймерденов қаңтар қырғынынан кейін біржолата биліктен кеткен экс-президентті Ататүрік, Шарль де Голль, Франклин Рузвельт, M.Мохамад, Маргарет Тэтчер, Ли Куан Ю секілді әйгілі қайраткерлердің қатарына қосқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38