Көпірдегі деформациялық ақауларды жөндеу кезінде неміс технологиялары қолданылады

Көпірдегі деформациялық ақауларды жөндеу кезінде неміс технологиялары қолданылады
Сурет: zakon.kz

Алматыда көпірлердегі деформациялық ақауларды жөндеу кезінде неміс технологиялары қолданылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 

Аудан тұрғынының сұрағы:

Біздің ауданда Рысқұлов даңғылында бірнеше көпірлер өтеді және оларда мезгіл-мезгіл деформациялық ақаулар пайда болады.

  
Қалалық мобильділік басқармасы басшысының жауабы:
Рысқұлов даңғылында бір көпір қалды, ондағы ақау жөнделеді, қаржы бөлінді.  Өздеріңіз білетіндей, қыста бетон конструкциялары қысқарады, нәтижесінде деформациялық ажырау кеңейеді, ал жазда керісінше. Сондықтан резеңке тігіс толтырғыштары жыртылады. Өткен жылы алты көпір құрылымына біз неміс өндірісінің толтырғыштарын орнаттық.  

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев:
Көпір құрылымдары қозғалады, сондықтан біз оңтайлы шешімдерді іздейміз. Біз әртүрлі технологияларды қарастырамыз, енді неміс технологиясының  қалай болатынын көреміз.