Қызылорда облысында сотталған 366 адамға рақымшылық жасалды

Қызылорда облысында сотталған 366 адамға рақымшылық жасалды
Cурет: Ашық дереккөз

Тағы 187 адамның жаза мерзімі қысқартылды

Қызылорда облысында сотты болған 366 адамға рақымшылық заңы қолданылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қызылорда облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

Бұл шешім 2021 жылдың 7 желтоқсанында Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына сәйкес қабылданды.

«Аталған заңға сәйкес, сотталғандардың жеке істері зерделенді. Нәтижесінде сотты болған 366 адамға қатысты рақымшылық қолданылды. Олардың арасында түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 81 адамның 46-ы негізгі жазадан босатылып бостандыққа шықса, 35 сотталғанның жаза мерзімдері қысқартылды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, оған қоса пробация қызметінің есебінде тұрған 285 адамның 98-і негізгі жазадан босатылып, есептен алынды. Ал 187-нің жаза мерзімі қысқартылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 14 адамды сан соқтырған алаяққа сот үкімі шықты.