Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 200-ге жақындады

Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 200-ге жақындады
Сурет: Xinhua/Ma Xiping

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу және Цинхай провинцияларында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 200-ге жақындап қалды. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасынан мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

Ганьсу провинциясында қаза тапқандар саны қазір 105 адамға жетті, ал Цинхай провинциясында 11 адам қайтыс болды. Бұған дейін Қытайдың жоғарыда аталған екі провинциясында 300-ден астам адам құрбан болғаны туралы хабарланған. 

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин адамдарды іздестіру және құтқару, сондай-ақ Ганьсу провинциясындағы жер сілкінісінің салдарын жою үшін барлық күш-жігерді жұмсауға шақырды.

ҚХР Мемлекеттік кеңесі зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жұмыс тобын жіберді.

Іздестіру-құтқару жұмыстары күрделі метеорологиялық және географиялық жағдайларға байланысты қиындап жатыр. Жер сілкінісі болған кезде түнде ауа температурасы -15 градусқа дейін төмендеген. Синоптиктердің болжамынша, жер сілкінісі болған аймақта алдағы 10 күнде ауа температурасы күндіз 5 градусқа дейін көтеріліп, түнде -14 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жерасты дүмпулері Ганьсу провинциясының Цзишишань-Баоань-Дунсян-Салар автономиялық округінде тіркелді. Ошағы 10 км тереңдікте болған.