Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пункті уақытша жабылады

Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пункті уақытша жабылады
Сурет: Azattyq.org

Азаматтардан Қырғызстанға аттанар кезде бағытын алдын ала реттеуді сұрайды.

«Ақ-жол-автодорожный» бақылау-өткізу бекеті өз жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін «Ақ-жол автожол» өткізу пункті («Қордай» өткізу пунктіне қарама-қарсы) техникалық базаны жаңартуға байланысты азаматтар мен көліктердің өтуі үшін жабылады», - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Қазақстан-Қырғызстан шекарасында орналасқан басқа бақылау-өткізу бекеттері штаттық режимде жұмыс істейді.