«Халық қатысатын бюджет»: 34 жобаны іске асырады

«Халық қатысатын бюджет»: 34 жобаны іске асырады
Сурет: ашық дереккөз

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы жалпы 34 жобаны іске асырады. 

Жоба 2 кезең бойынша іске асырылмақ. Жобаға барлығы 1,6 млрд.теңге бөлінген. Алғашқы кезеңге 771 млн. теңге бөлінсе, екінші кезеңде 875 млн. теңгенің жұмысы істелінеді деп көзделген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Тұрғындардың 17 жобасын қамтитын 1-кезең аяқталған. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Әйтиев 51, Әуезов 56, Розыбакиев 53, Каримов 87, Жароков 91, Төле би 160, Шағабутдинов 30, Қарасай батыр 209, Төле би 273; Бекетов – Бородиндегі қоғамдық кеңістік; АМЖЗ скверін автоматты суару құрылғысын орнату арқылы көгалдандыру, абаттандыру, «Прокофьев» бульварында, Дүйсенов көшесінің бойында 2 жоба бойынша көгалдандыру, автоматты суару жүйесі жүргізілді, -деді Е.Досаев.

1 қыркүйекте аудан әкімдігі қалған 17 жоба бойынша бағдарламаның 2 кезеңін іске асыру жұмыстары басталмақ. Атап айтқанда, 11 жоба – аула кеңістігін жаңғырту, 5 жоба қоғамдық кеңістікті өзгертуге және 1 экологиялық жоба Жібек Жолы жаяу жүргіншілер көшесінің бойында экоурналар (қайта өңделген және қайталама шикізаттан өндірілген) орнатуға бағытталған.