Бала тәрбиесіне көңіл бөлу керек

Бала тәрбиесіне көңіл бөлу керек
Сурет: Inform.kz

Бүкіл әлемде бала мектептен, бала бақшадан қалыптасады. Отбасы тәрбиесі, жалпы мектепке дейінгі тәрбие мәселесі аса маңызды. Мәселен, Финляндияда ең күрделі байқау бала-бақшаның тәрбиешісін даярлайтын жоғары оқу орындарында болады. Демек, ол жерде тәрбиешілерге ерекше жағдай жасалып, әлеуметтік жағдайым қамтамасыз етілген. Сондықтан олар бала тәрбиесіне ерекше мән береді.

Бұл орайда Мемлекет басшысы мектепке дейінгі тәрбиеге, бала-бақшаға айрықша көңіл бөледі. Бала бақшадағы тәрбиешінің жалақысын өсіру, оның әлеуметтік жағдайын өсіру арқылы арқылы көп мәселені шеше аламыз. 

Мектеп мәселесі, соның ішінде жайлы мектеп бағдарламасы қолға алынды. Әлі күнге дейін бізде қирап тұрған мектептер, үш ауысымдық, екі ауысымдық мектептер бар. Әлемнің өркениетті елдерінде тіпті екі ауысымдық мектептер жоқ. Біз әлі үш ауысымдық жағдайда жұмыс істеп жүрміз. Бала және оны тәрбиелейтін мұғалім ешнәрсеге алаңдамай, өзінің тәрбие жұмысына бар көңілін арнауы қажет. Осы тұрғыда ел Президенті Жолдауда үлкен бастамалар бастап жатыр. Болашақта мектептер бой көтеріп, білім сапасы жақсара түсетініне кәміл сенеміз.