Кенесары ханның Құран кітабына реставрация жасалады

Кенесары ханның Құран кітабына реставрация жасалады
Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Бұдан бұрын Кенесары ханға тиесілі қасиетті Құранның ҚМДБ-ға табысталғанын хабарлағанбыз.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың мәліметінше, Кенесары ханға тиесілі қасиетті Құран кітабына реставрация жасалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы министр Telegram-дағы парақшасында жазды.

"Мәдениет және спорт министрлігін алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Алдымен ҚР МСМ жанындағы Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы қасиетті кітапқа реставрация жасайды. Осыдан кейін кітаптың 4 көшірмесі дайындалып, күзде жәдігер Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде өзінің құрметті орнына қойылуы тиіс. Кенесары ханға тиесілі Құран кітабының елге оралуы – ұлттық мәдениетіміз, тарихымыз бен ғылымымыз үшін аса маңызды оқиға. Рухани мұрамыз саналатын құнды қазынаны көзіміздің қарашығындай сақтау әрқайсымыздың асыл парызымыз болуға тиіс", делінген министрдің жазбасында.