«Кенесары ханның басы жоқ» – Ресей тарапы

«Кенесары ханның басы жоқ» – Ресей тарапы
Сурет: ашық дереккөз

ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров Кенесары ханның басын отанына қайтару мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Ведомствоның ресми өкілінің сөзінше, Кенесары ханның басы жоқ деген де деректер бар.

«Кейбір мәліметтер бойынша, ресей тарапының айтуынша, бас табиғатта жоқ көрінеді», - деді Айбек Смадияров.

Ол Кенесары ханға қатысты мәселелерді қазақ тарихшылары ресейлік әріптестерімен бірлесе отырып нақтылауы керек екенін айтты.

Тарихи деректерде  Кенесарының  1847 жылы қырғыз жеріндегі  Кекілік-Сеңгір аңғарында ұсталып, Жамбы ауы­лында өлтірілгені, денесі сонда қалдырылып, бас сүйегінің Омбыдағы Батыс-Сібір аймағының генерал-губернаторы, князь  Петр Горчаковқа апарып берілгені айтылады.