"Қазмедиа" орталығынан өрт шықты: қазір арналар хабар таратуды жалғастыруда

"Қазмедиа" орталығынан өрт шықты: қазір арналар хабар таратуды жалғастыруда
Сурет: 24.kz

Кеше кешкісін "Қазмедиа" орталығында өрт шығып, бірқатар республикалық арналар хабар таратуын тоқтатты.

24 сағат хабар тарататын «Хабар 24» арнасы да тікелей эфирдегі жұмысын үзуге мәжбүр болған. Қалалық өрт сөндіру қызметі оттың шыққаны жөнінде ақпарат кешкісін сағат 20:41-де келіп түскенін хабарлайды.

Шамамен жарты сағатта өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қызметкерлер ғимарат сыртындағы қауіпсіз жерге өздері шыққан. Оқиғаға іштегі аккумулятор батареяларының қызып, жануы себеп болған. Осыған байланысты жұмыс циклі автоматтандырылған орталықта жаңалықтар қызметі жұмыс істей алмады. Қазір барлық бағдарламалар толық іске қосылды.