Қазақтың домбырасы Ханчжоу төрінде күмбірледі.

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Айдана Сәбитова Ханчжоудағы атлеттер ауылында «Ерке сылқым» күйін орындап, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ҚР Туризм және спорт министрілігіне сілтеме жасап. 

Айдана 10 жасынан музыка мектебіне барып, 5 жыл домбыра үйірмесіне қатысқан. Арманы - спортпен қатар қазақтың ұлттық күй өнерін де насихаттап, әлемге таныту.