«Қазақтелекомның» 28 пайыз акциясы мемлекетке қайтарылады

«Қазақтелекомның» 28 пайыз акциясы мемлекетке қайтарылады
Сурет: 24.kz.

Үкімет қаулы қабылдады.

Қазақстан Үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, «Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылады.

«Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2671481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413412 жай акциясын республикалық меншікке береді.