Қазақстанға 19 шетелдік компания келіп орнықты

Қазақстанға 19 шетелдік компания келіп орнықты
Сурет: Wsjournal.ru

Биыл 2 трлн теңгеге 190 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. 

Қазақстанда 19 шетелдік компания өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz LS сілтеме жасап.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, елге 19 шетелдік компания көшіп келді. Басқалары бойынша әлі де пысықтау жұмыстары жүргізілуде.

Премьер-Министрдің сөзінше, алдағы жеті жылда елімізде кемінде $150 млрд тікелей шетелдік инвестиция тарту жоспарлануда. Смайлов бұл жұмыс қазірдің өзінде жүріп жатқанына сендірді.

Атап айтқанда, I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, $14,5 млрд тікелей инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артық.

"30 трлн теңгеге 850 инвестициялық жобамен жұмыс жүргізілуде. Соның нәтижесінде 131 мың жаңа жұмыс орнын құру күтілуде", - деді ол.

Смайылов биыл 2 трлн теңгеге 190 жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті. 18,5 мың адам жұмысқа орналасады.