Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирдің жартылай финалына шықты
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық теннисші әлемдік доданың жартылай финалында

Қазақстандық Бейбіт Жукаев Мысырда өтіп жатқан ITF World Tennis Tour M25 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Б.Жукаев ширек финалда украиналық Георгий Кравченкомен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Б.Жукаев 1 сағат 22 минутқа созылған кездесуде 8 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Бейбіт финалға шығу үшін чехиялық Лукаш Росол немесе Беларусь өкілі Владимир Игнатиктің біреуімен таласады. Б.Жукаев жұптық сында ресейлік Алибек Качмазовпен бірге бүгін жартылай финалда кортқа шығады.