Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз болды

Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз болды
Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Жарысқа 80-нен астам мемлекеттің оқушылары қатысқан.

Панама қаласында өткен робототехника бойынша дүниежүзілік «World Robot Olympiad» олимпиадасында қазақстандық оқушылар жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары бақ сынаған.

Робототехникадан дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды.

Олар:

2 орын (күміс) «Future Engineers» категориясында – астаналық 10-сынып оқушылар Ансар Саурбаев және Амир Карабаев;

3 орын (қола) «Robo Mission» категориясында – Астана қаласының 8-9 сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров;

3 орын (қола) «Future Engineers» категориясында – Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев.

Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-роботтар сайыс- фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан бұл олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.