Қазақ-қырғыз шекарасында енді үлкен жүк көліктерінің кептелісі болмайды

Қазақ-қырғыз шекарасында енді үлкен жүк көліктерінің кептелісі болмайды
Cурет: Ашық дереккөз

Сауда көрсеткішін 2 млрд-қа жеткізу міндеті тұр

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары барысында қос тарап осындай келісімге келді. Кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізген президенттер арадағы тауар айналымын арттыру керек деген ортақ тоқтамға келді. 

Енді қос үкіметтің алдында сауда көрсеткішін, жақын арада 2 млрд жеткізу міндеті тұр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойынша, тауар айналымын ұлғайту үшін кедендік рәсімдерді цифрландыру қажет. 

Мемлекет басшысы анағұрлым әлеуетті жобалардың тізімін жасап, инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға шақырды. Қырғызстанда гидроэнергетикалық нысанды, атап айтқанда, Қамбар ата ГЭС-ін бірлесіп салу соның бірі болуы мүмкін.