Қарашаның соңғы күні... Бәйшешек гүлдеді

Қарашаның соңғы күні... Бәйшешек гүлдеді
Сурет: видеодан алынды

Еліміздің көптеген өңірінде қылышын сүйретіп қыс келді. Қостанайда тобықтан келер қар жатыр. Ал, Алматы облысы Жамбыл ауданы Суықтөбе тауының етегінде бәйшешек гүлдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Суықтөбе баурайын жайлаған малшылар табиғаттың бұл құбылысын көріп, видеоға түсірген. Тек көктемде бүр жаратын бәйшешек биыл қысты қылаң беріп қарсы алғандай. Аймақта күн нұрын төгіп, өңірде жаймашуақ күй орнаған. Ең нәзік, сұлу өсімдік шопандарға қуаныш, жарқын болашаққа деген сенім мен үміт сыйлағандай.

Айту керек, осыдан үш күн бұрын әлеуметтік желі арқылы Шымкент қаласында алма бүр жарғаны туралы хабар әлеуметтік желі арқылы тараған болатын.