Қадыр Мырза Әли: Ең қауіпті бактерия да, ең шипалы ем де – әйел!

Қадыр Мырза Әли:  Ең қауіпті бактерия да, ең шипалы ем де – әйел!
Суретті салған - Ғалым Смағұл

***

Әйел өзі ештеңе істей алмаса да,

Күйеуіне істетуге шебер.

***

Кейбір әйел еркектен президент жасай біледі,

Ал еркек әрі кеткенде оған үйленіп тынады.

***

Әйелдің екі-ақ жолы бар:

Не алдау, не алдану.

***

Барлығына бас әйел,

Махаббатқа мас әйел.

Жан беретін де осы әйел,

Жан алатын да осы әйел.

***

Көрікті сұлу – көз қуанышы.

***

Күйеулері сапарда жүрген кейбір келіншектер

бірер күнде құлпырып шыға келеді.

***

Үстіндегі дегенін істейді,

Астындағы дегенін істетеді.

***

Әйел жеңе алмайды,

Жеңдірмейді де.

***

Ұяты бар әйел – шынында да әдемі әйел.

***

Әйелдің туы – етегі,

Егеспе!

Құлағың түр кеңеске,

Егеспе!

***

Орманда адасу – бақыт қой,

Екі әйелдің арасында адассаң,

Біреуінен айырыласың.

***

Әдемілік – арудың қаруы.

***

Қыз болмаса – біз болмаймыз.

***

Күз – жеміс,

Қыз – өніс.

***

Қыз – әрі базына, әрі қазына.

***

Қонағы – қырық...

Қонағы бар үйдің құлағы түрік.

***

Ерсіз әйел – жесір,

Әйелсіз азамат – кесір...

***

Әйел – сыңарың, сен үшін құт,

Әйелсіз еркек жұрт үшін жұт.