Қабылдау пунктері ашық

Қабылдау пунктері ашық
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Бүгін мегаполисте жер сілкінді. Осыған байланысты қала әкімі шұғыл штабта жиналыс өткізуде.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін қала әкімшілігі хабарлама таратты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Құрметті Алматы тұрғындары мен қала қонақтары!

Қазіргі уақытта 384 қабылдау пункті ашық: 229 мектеп пен 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион. Аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу орындарында. Пункттер туралы барлық деректер Алматының 2ГИС платформасында орналастырылған. Іздеу жүйесінде "зардап шеккен халықты қабылдау пункті" қосымшасын енгізген кезде карталарда тұрғындар үшін барлық қолда бар жинау пункттері көрсетіледі. Мұндай деректер Алматы қаласы және аудан әкімдіктерінің ТЖД ресми сайттарында да бар. Сондай-ақ, барлық стационарлар, босандыру ұйымдары, жедел медициналық көмек штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлаймыз.