Испанияда ковид тұмау сияқты әдеттегі аурумен теңестіріледі

Испанияда ковид тұмау сияқты әдеттегі аурумен теңестіріледі
Сурет: Google.kz

Бұл елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсара бастады.  

Испанияда бүгіннен бастап коронавирустық инфекция тұмау сияқты әдеттегі эндемикалық аурумен теңестіріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

СOVID-19 инфекциясын жұқтырған және белгілері бар адамдар қалыпты өмір салтын жалғастыра алады және үйде оқшаулау режимін сақтау ол үшін міндетті болмайды.

Бұрынғы талаптар тек қауіп-қатер тобындағы адамдарға, яғни 60 жастан асқан, иммунитеті әлсіреген адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен медицина қызметкерлеріне қатысты болады.

Мұндай жаңалықтарға қарамастан, елде жабық қоғамдық орындарда, сондай - ақ қоғамдық көліктерде, автобустарда, пойыздарда, ұшақтарда медициналық маскалар кию міндетті болып қала береді.

Ал мейрамханаларда бір үстелдегі қонақтар санына шектеулер болады.  Өткен жұмада Sars-CoV-2 таралуының жеті күндік көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда ел бойынша орта есеппен 227 болды.