Интернет-сауда алаңдары декларация тапсырады

Интернет-сауда алаңдары декларация тапсырады
Сурет: Rg.ru

Мұны 1 шілдеден бастау жоспарлануда.

Интернет-сауда алаңдары туралы деректер Мемлекеттік кірістер комитетіне жолданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов елордада өткен баспасөз конференциясы барысында айтты.

"Пилоттық жоба шеңберінде сауда-интернет алаңдары сату туралы деректерді Мемлекеттік кірістер комитетіне, ал Комитет өз кезегінде барлық интернет алаңдардан деректерді жинап, деректерді кәсіпкерлерге қызмет көрсететін әріптес-банктерге береді. Алынған деректер негізінде банк ай сайын салық сомасын есептейді және клиентке төлеу үшін пуш-хабарлама жібереді. Ал салық кезеңінің қорытындысы бойынша салық декларациясын толтырады", – деді спикер.

Бұл, біріншіден, кезең ішінде салық сомасын бөліп төлеуге мүмкіндік береді, екіншіден, салық есептілігін тапсыруды жеңілдетеді.

Бүгінгі таңда 80 мыңнан астам кәсіпкер тауарларды интернет-алаңдар арқылы сатады. Спикер пилоттық жобаларға қатысу тек ерікті болып табылатынын ерекше атап өтті.