Индрайвер, Яндекс такси қызметіне талап күшейеді

Индрайвер, Яндекс такси қызметіне талап күшейеді
Сурет: Sakhaday.ru

Қалааралық жолаушыларды тасымалдайтын  такси қызметіне талап қатаңдай  түспек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Жол қауіпсіздігін қамтудағы тағы бір проблема – жолаушыларды заңсыз тасымалдаушылар (индрайвер, яндекс такси қызметі). Таксистер пайда табу үшін тоқтаусыз, ұйқысыз және демалыссыз қалалар арасында қатынайды. Жол қауіпсіздігі үшін бұл – қауіпті. Кейбір көліктер тозған, ұзақ жолға шыдамайды. Такси жүргізушілері адамдарды тасымалдауда жол ережелері талаптарын орындамайды», - деді Ішкі істер бірінші вице-министрі Марат Қожаев Үкімет отырысында.

Осы орайда министрлік заңсыз тасымалдайтын қалааралық такси жүргізушілеріне талапты күшейтпек.

«Жолға шығар алдында медициналық және күнделікті автокөлікті тексеру, жылына 2 рет - техникалық байқаудан өту, сондай-ақ жүргізушінің рөлде 8 сағаттан артық отырмауын қарастыру керек», - дейді ол.