Илон Маск Twitter-дегі 1,5 миллиард аккаунт жойылатынын айтты

Илон Маск Twitter-дегі 1,5 миллиард аккаунт жойылатынын айтты
Сурет: Ixbt.com

Бірнеше жыл бойы жүйеге кірмеген аккаунттар жойылады.

Жақын арада Twitter-дегі 1,5 миллиардқа жуық пайдаланылмай жүрген аккаунт жойылады. Бұл туралы жұма күні әлеуметтік желінің иесі Илон Маск мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.

- Твиттер жақын арада 1,5 миллиард аккаунтты тазарта бастайды. Желіде жазбасы жоқ және бірнеше жыл бойы жүйеге кірмеген аккаунттар жойылаты анық, - деп жазды ол өзінің Twitter-дегі парақшасында.

27 қазанда Маск аттас әлеуметтік желіге ие Twitter-ді сатып алу бойынша 44 миллиард долларлық мәмілені жапқан болатын. Көп ұзамай, ол есептік жазбаны құлыптау саясатына өзгеріс енгізілгенін жариялады. Сонымен қатар кәсіпкер спам-аккаунттармен күресетінін де жариялады.