iAzamat: бүгін және болашақта

Басқарушылық шешімдер қабылдау тетігін дамытуды көздейді

 

Осыдан бірер ай бұрын қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарымен диалог орнатып, олардың ұсыныстарын тыңдап, тікелей жауап беру үшін iAzamat мобильді қосымшасы іске қосылған болатын. Көп ұзамай аталған қосымшаның бета-нұсқасы қолданысқа шықты.

iAzamat жобасын Алматы қаласын дамыту орталығы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырды. Ол қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, басқарушылық шешімдер қабылдау тетігін дамытуға бағытталған.

Қазіргі таңда аталған бағдарламаны Play Market-те 100-ден астам қолданушы жүктеген. Пікірлер саны 15 болғанымен, көбісі бағдарламаның ыңғайлылығы мен өзектілігін жақсы бағалаған. Тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдарына да мардымды жауап қайтарылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарламаның өзіне келер болсақ, кірген бетте «Алматы бүгін» беті ашылып, онда Алматының барлық аспектілері, демографиялық көрсеткіші бойынша статистикалық деректер мен қала көлеміндегі халыққа қажетті бағдарламалар жайлы мәліметтер берілген. Ең бастысы, соңғы кезде алматылықтардың бас ауруына айналған мәселе – экология да назардан тыс қалмаған. Онда қанша ағаш отырғызылғанын, өсімдіктер қорының санын, ауа ластануының күнделікті жаңартылып отыратын көрсеткішін көре аласыздар.

Басты бетте тоғыз бөлімнен тұратын мәзір көрсетілген. Онда сіз шаһардың соңғы жаңалықтарын, COVID-ке қарсы ережелерді, қала жетістіктерін, жүзеге асылып жатқан бағдарламалар жайлы біліп қана қоймай, тіпті, дауыс беруге және пікірталасқа қатыса аласыз.

 

Әлия ЖАҚСЫЛЫҚОВА,  «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ қоғамдық коммуникациялар департаментінің директоры:

 Бонустық бағдарлама әзірленуде

 Жоғарыда біз қарапайым қолданушы ретінде өз байқағанымызды жаздық, ал бағдарламамен жіті танысу үшін және алдағы жоспарларды білу мақсатында «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ қоғамдық коммуникациялар департаментінің директоры Әлия Жақсылықоваға бірер сауал қойдық.

– Дауыс беру мен талқыланған тақырыптар қандай болды?

– Дауыс беру мен талқылауға қоғамдық көлік, жолдарды жөндеу, ТКШ, абаттандыру, көгалдандыру, көшелерді тазалау, жарықтандыру және т.б. бағыттар бойынша жобалар арқау болды.

Қалалық жобалар мен бастамалар бойынша дауыс беру және талқылау тақырыптары қалалық басқармалар мен аудандық әкімдіктердің жұмыс жоспарларына, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауы арқылы келіп түскен қала тұрғындарының өтініштерін талдау негізінде қалыптастырылады.

Әкімдік алматылықтардың iАzamat-тағы дауыс беру және талқылау нәтижелерін жобаларды іске асыру кезінде ескереді.

– iAzamat пайдаланушылары үшін қандай лоялды бағдарлама бар?

– iAzamat белсенді пайдаланушыларына сыйлықтар немесе ынталандыру үшін айырбастауға болатын бонустарды есептеу қарастырылған. Қазіргі уақытта бонустық бағдарлама әзірленуде. Оны енгізу 2021 жылдың ақпан айына жоспарланып отыр.

– Қосымшаның функционалдығын дамыту үшін қандай жоспарлар бар?

– Мобильді қосымшаның функционалын кеңейту шеңберінде қазіргі уақытта «Келеңсіздікті хабарлау» функциясы әзірленуде. Оның көмегімен тұрғындар орналасқан жерін көрсетіп, фото/видео материалдарды тіркей отырып, қаладағы белгілі бір мәселе туралы өтініш бере алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Динара МҰРАТ

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *