Грек-рим күресінен «алтын» бұйырмады

Грек-рим күресінен «алтын» бұйырмады
Сурет:Sports.kz

Мейіржан Шермаханбет күміс жүлдеге ие болды. 

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының өкілі Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен финалда бірінші орын үшін белдесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Sports.kz хабарлауынша, Азия ойындарындағы бұл сында отандасымыз жапон спортшысы Кацуаки Эндомен кездесті. Екі палуанның белдесуі жапондық спортшының пайдасына 4:3 есебімен, қарсыласымыздың жеңісімен аяқталды. Осылайша, жапондық палуанға алтын бұйырса, қазақстандық спортшы күміс жүлдеге ие болды. 

Енді Қазақстан қоржынында 48 жүлделі орын бар: олардың бесеуі - алтын, он бірі - күміс, отыз екісі - қола.