Германияда 4 күндік жұмыс аптасы сынақтан өткізіле бастайды

Германияда 4 күндік жұмыс аптасы сынақтан өткізіле бастайды
Сурет: Tengrinews.kz

Қыркүйектен бастап енгізілген жаңа жүйедегі тәжірибеге 50-ден астам компания таңдалады.

Олар 2024 жылдың ақпан айына дейін жаңа режимде жұмыс істеуі керек. Кәсіпорындардағы жұмыстың ауқымы әртүрлі. Бірақ қызметкерлердің жалақысы қысқармайды. Мұндай сынақ осыған дейін Ұлыбританияда өткізілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның нәтижесіне қарағанда, аптасына төрт күн жұмыс істеген адамдардың денсаулығы жақсарып, өмірге ризашылығы арта түскен. Ал табысы көбейген 10 фирманың тоғызы бұл моделді әрі қарай жалғастыруды жөн көріпті.