Финляндияда қазақтың жылқысы «жұлдыз» атанды

Финляндияда қазақтың жылқысы «жұлдыз» атанды
Сурет: Мassaget.kz

Сәйгүлігіміз шет елде танымал болуда.

Сырдың бойынан Финляндияға жеткізілген сәйгүлік жат жұртта 8 жыл бойы бас бәйгені бермеген. Бұл – осыдан 29 жыл бұрын болған жағдай, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

1992 жылы Алматыда дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайы өтті. Осында халық шаруашылығының көрмесі өтіп, онда жер тарпыған арғымақ «Анонс» Фин елі Президентінің көзіне түскен екен. Сөйтіп, қонағын құдайындай сыйлаған дархан қазақ халқының атынан Елбасымыз әлгі тұлпарды мәртебелі мейманға сыйлайды. Қазір Хельсинки шаһарында һас тұлпардың тас мүсіні тұр. Финляндия Президентіне «Анонсты» жеткізген екеудің бірі – Тыныштықбай Сыздықов. Бүгінде ақсақал сексеннің сеңгіріне шыққан. Мына суретке Шиелі ауданындағы мал дәрігері Қыдырия Күлібаев пен Тыныштықбай Сыздықовтың Финляндияның сол кездегі мемлекет басшысы Мауна Койвистоға Елбасы аманатын тапсырып тұрған сәт түсірілген.

«Алайда біз мәртебелі қонаққа ұнаған жылқыны емес, соған ұқсайтын «Заслон» атты күреңқасқаны апарып бердік. Оны «Анонстың» құжатымен рәсімдеген болатынбыз, – дейді қария. «Бірақ ол шетелге барып «сужүйрікке айналады» деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген», – деп ағынан жарылды Тыныштықбай Сыздықов.