Ерлан Қошанов Үкімет мүшелеріне пленарлық отырысқа дайындалып келу керектігін айтты

Ерлан Қошанов Үкімет мүшелеріне пленарлық отырысқа дайындалып келу керектігін айтты
Сурет: Elorda.info

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов Үкімет мүшелерінің отырыстағы жауаптарына қанағаттанбайтынын айтты.

Мәжіліс төрағасы ведомство өкілдері тек қағазда көрсетілген анықтамаларды оқумен ғана шектелетініне шүйлікті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Мен кейбір министрлік өкілдеріне ескертпе жасайын деп едім. Пленарлық отырысқа дайындалып келу керек. Қол астыңыздағы адамдардың жазып берген анықтамасын бұл жерде оқу қажет емес. Бұл сұрақтардың барлығы жұмыс тобының және комитеттің отырысында талқыланды. Ал бұл жерге келгенде, сіздер оны бес саусақтай біліп тұруларыңыз керек. Мен Үкіметтің өкіліне де осы ескертуді айтамын, Премьер-Министрге жеткізіңіз. Егер де осы жерде министрліктің өкілдері дайын болмаса, орындарына басқа адамдар келсін», - деп ескерту жасады Мәжіліс төрағасы.