Ердоған келесі президенттік сайлауға қатысады

Ердоған келесі президенттік сайлауға қатысады
Cурет: Ашық дереккөз

Ердоған 2014 жылы билікке келіп, 2018 жылы қайта сайланды

Режеп Тайып Ердоған келесі президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Шешім Әділдік және даму партиясының съезінде қабылданды. Сайлау келесі жылы маусым айында өтуі тиіс. Басқа партиялар өз кандидаттарын әлі жариялаған жоқ.

Айта кетейік, Режеп Тайып Ердоған 2014 жылы билікке келіп, 2018 жылы қайта сайланды.