Енді онлайн петиция жариялауға болады

Енді онлайн петиция жариялауға болады
Сурет: интернеттен

Былтыр қабылданған "Қоғамдық бақылау туралы" заң 4 сәуірде күшіне енеді.

Осы айдан бастап Қазақстан азаматтары онлайн петиция жариялай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Заңда петиция институты реттелген. Петицияны міндетті түрде қарау үшін аудандық, облыстық және республикалық деңгейде дауыс шегі болады. Сол шекті мәнге жеткен петиция ғана қолдау тапты деп саналады.

Петицияны аудан әкімдігі қарау үшін 2,5 мыңнан астам қол жинау қажет. Ал аудандық мәслихат қарау үшін 5 мың адамның қолдауы керек. Облыстық деңгейде қарастырылатын петиция үшін облыс халқының 1 пайызынан астамының қолы қажет. Егер облыс тұрғындарының 2 пайызы қолдаса, онда облыстық мәслихат қарайды.

Ал қолдаушылар саны 50 мың адамнан асса, петиция үкімет деңгейінде қаралады.