Енді ерлі-зайыптылар бейнеқоңырау арқылы келісім бере алады

Енді ерлі-зайыптылар бейнеқоңырау арқылы келісім бере алады
Сурет: интернеттен

25 қыркүйектен бастап бұл қызмет eGov Mobile платформасында қолжетімді.

Енді ерлі-зайыптылардың нотариалды келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, бұл нотариалды келісім алу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

"Азаматтар нотариусқа бармай-ақ қажетті келісімді тез әрі ыңғайлы түрде ала алады. Бұл процесс биометриялық сәйкестендірудің озық технологияларын пайдалана отырып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді", – деді ол.

Оның сөзінше, онлайн форматтың артықшылығы – уақыт пен нотариусқа баруға кететін шығындарды үнемдеу, сондай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта алу мүмкіндігі тумақ.

Қызметті алу үшін:

eGov Mobile платформасына кіру;

өтініш формасын толтыру және биометриялық тексеруден өту;

бейнеқоңырау арқылы келісімді рәсімдеу;

нотариус қызметіне ақы төлеу;

Нәтижесінде құжат "Цифрлық құжаттар" қызметінде қолжетімді болады.